Абай облысында жолдардың құрылысы мен жөндеу қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, биыл аймақта ауқымды жұмыстар атқарылған. Сапа орталығы мен Семей қаласының автокөлік жолдары бөлімі өкілдері құрылыс барысында белгіленген стандарттардың сақталуына ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді.