Семей телеарнасы 60 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. Елімізде бесінші болып ашылған медиақұрылым облыс тараған жылдары талай қиын кезеңдерді еңсерді. Ал Абай облысының құрылуымен телеарнаның жаңаша дамуы басталды. Телеарна ұжымы мерейлі сәтті көрерменімен бірге Абай атындағы кітапханада атап өтті.