Абай облысында жеке сот орындаушыларының қызметі мен алимент өндіру мәселелері өзекті тақырыптардың біріне айналды. Жыл басынан бері өңірде жалпы сомасы 115 миллиард теңгеден асатын шамамен 194 мың атқарушылық құжат орындалды. Ал алимент төлемеген 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.