Салмағының аздығына қарамастан өмір сүруге талпынатын жұдырықтай бөбектер біздің елде жетерлік. Биыл сондай 15 мың шақалақ дүниеге келді. Олар ерекше күтімді қажет етеді. Осы мәселеге қоғам назарын аудару мақсатында перинаталдық орталықта арнайы іс-шара ұйымдастырылды.