Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев баспасөз конференциясын өткізді. Шаһар басшысы осы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын шығарып, инвестициялық жобалардың іске асырылуы, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, кәріз коллекторындағы апат мәселесі қозғалды.