Жылыту маусымы басталғалы Семейде жеке тұрғын үйлер секторларында 52 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің негізгі себебі – пешті дұрыс пайдаланбау. Халықты ақпараттандыру мақсатында ТЖД қызметкерлері жеке үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пештерге дер кезінде профилактикалық тексеріс жүргізу қажеттігін еске салды.