ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов кездесуден кейін облыстық Семей телеарнасына барды. Телеарна директоры Нұрбек Бекен техникалық мүмкіндіктерді көрсетіп, студиялармен таныстырды. Вице министр ұжыммен кездесіп, Семей телеарнасының 60 жылдық мерейтойына орай министр Аида Балаеваның ыстық ықыласқа толы құттықтау хатын оқыды. Телеарна ұжымына ұзақ жылдар бойы аймақтың ақпарат кеңістігін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Қанат Ысқақов өзінің жүрекжарды құттықтауында Семей телеарнасының кәсібилігі мен аймақ журналистикасындағы айрықша орнын ерекше атап өтті.