Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірдегі іргелі кәсіпорындар студенттерді өндірістік процеспен таныстыруды жалғастырып келеді. Осылайша, «Эйкос» компаниясы колледж студенттері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Жастар кәсіпорынның ішкі жұмысын көріп, өндірістік тәжірибе алды.