Семейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Тоқтар Серіков 50 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кешін өткізді. Концертке әншінің ұстазы Алтынбек Қоразбаев және өнер жолында бірге келе жатқан досы Мейрамбек Беспаев арнайы келген. Сондай-ақ, жұбайы Бейбіт Сейдуалиева да өнер көрсетті, бұл күні. Авторлық кешке аймақ басышсы Берік Уәли қатысып, әншіні мерейлі жасымен құттықтады. Концертте сахна саңлағының көпке танымал әндері орындалып, жиылған қауымның ризашылығына бөленді.