Семейде Президенттің тапсырмасымен Оқушылар сарайы салынып жатыр. Қазірде құрылыстың 90% аяқталды. Абай облысының әкімі Берік Уәли нысанның құрылыс қарқынын бақылап, оны уақтылы пайдалануға беруді тапсырды. Балаларға арналған көпсалалы кешен қаланың сол жағалауында бой көтеруде. Үш қабатты орталық тәулік ішінде 1500-ға жуық баланы қабылдай алады.