Абайдың 180 жылдығын лайықты өткізуге ел жұмылды. Қазір де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұстанған кәсіпорындар қолдауын жалғастыруда. «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы Абай музейіне Жидебай мекенін абаттандыру үшін арнайы техника сыйлады. Игі бастама Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асты.