Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жастарға «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумын өткізді. Негізгі мақсат – жастарға жеке деректермен сауатты жұмыс істеуді үйрету және интернеттегі жалған ақпаратты тану дағдыларын қалыптастыру. Форум барысында дипфейктер, фишинг, онлайн-алаяқтық схемалары және цифрлық қауіпсіздік тақырыптары талқыланды.