Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы негізінде «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ электр энергиясына шекті тарифті арттыру жөніндегі өтінімін уәкілетті органға ұсынды. Осыған байланысты қоғамдық тыңдау өтті. Электр энергиясын бөлшек саудада сату тарифіндегі өзгеріс туралы Арайлым Әлиханова тарқатады. 


Кезекті қоғамдық тыңдау. Бұл жолғы тақырып электр жарығы бағасын қымбаттатуға байланысты. Естеріңізде болса Электр энергиясы тарифі соңғы рет 2024 жылдың ақпан айында көтерілген болатын. Бұл жолы жарық беруші компания қанадай ұсыныспен келіп отыр. Осы туралы айтатын боламыз.


«Біріккен ЭнергоСервистік компаниясы» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметін атқарады. Былтырғы жылдан бері электр қуатының орташа тарифі 29.18 теңге болып бекітілді. Алайда, 2025 жылдың 26 наурызында «БЭСК» АҚ департаментке жаңа тариф бойынша өтініш жолдады. Қазіргі уақытта бұл жоба қаралуда. Компания ұсынысы бойынша электр энергиясының орташа бағасы шамамен 10 пайызға өсуі мүмкін. Яғни, орташа есеппен - 32 теңге. Мамандардың айтуынша, бұл тек жобалық нұсқа.


 МЕЙР МАДИЕВ- ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 қазіргі таңда департаментпен қаралу барысында ол жоба бойынша электр энергия бағасы, орташа бағасы өзгеруі 10 пайызды құрап отыр. Ал егер дефференсация арқылы қарайтын болсақ халық үшін 5 пайыз, заңды тұлғалар үшін 5 пайыз және бюжеттік мекемелерге 5,4 пайыз және әлеуметтік тауарлар өндіру тобы бар, ол жерде 10 пайыз деп жоба бойынша бекітілген. Бірақ ол нақты сондай қабылданады деген мәселе емес бұл жерде, біз оны толық жан-жақты қараймыз, талқылаймыз.



НИКОЛАЙ ИСАЕВ- ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мүмкін, тұтынушы үшін бұл үлкен айырмашылық болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ мемлекеттік мекемелердің қанша төлейтінін қараңыз — 68 теңге. Олар бұл қаражатты қайдан алады? Әрине, бізден, яғни халықтан. Мұнда тексеруді қажет ететін көптеген мәселелер бар, және біз оларды мұқият зерттемейінше, бұл тарифті қарастырудың өзі орынсыз.


Қоғамдық тыңдау барысында азаматтардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілді. Департамент өкілдері олардың барлығы назарға алынатынын және тариф жобасы жан-жақты сарапталатынын жеткізді. Жарық ақысының қанша пайызға қымбаттайтыны туралы шешім 1 мамырға дейін қабылданады.

АВТОР: А.ӘЛИХАНОВА