Холодный ключ және Восточный ықшам аудандарының тұрғындары дабыл қағуда. Олардың егістік алаңдары мен мен көкөніс бақтарын зиянкестер қоңыздар басқан. Жәндіктер көкөніс жапырақтарын жеп жатыр. Ал тұрғындар олармен қалай күресуге болатынын білмейді.

Бұл бейне көріністерді Холодный ключ ауылының тұрғындары біздің телеарнаның редакциясына жолдады. Олар шамамен үш апта бұрын көше бойларынан қызыл қоңыздарды байқай бастаған. Ал қазір бұл зиянкестер бүкіл ауыл тұрғындарының бау-бақшаларын жаулап алды. Қоңыздар өсімдіктердің жапырағын жеп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, бұл жәндіктер ертеңгі күні шығатын көкөністің түгін қалдырмай, жарамсыз қыла ма деп тұрғындар қауыптенеді.

ФАЗИЛА ШАЛАПАНОВА – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Енді пенсияға шыққаннан кейін осы бақшамен айналысып, 5 мың теңге болса да, табайын дебедім. Қазір мына заманда бәрі қымбатшылық.Енді міне биыл салып едім, соны осы колорадский жук жеп жатыр. Енді мынадан қандай өнім аламыз? Талай жеп тастады. Обработка жасайын десем қорқам. Бір кісі өліп қалса, түрмеге шығып қалам ба деп.
ЕЛЕНА КОЗЛОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Қазір өсімдіктердің тұқымдары да қымбат. Бұл бақшаға көп еңбек жұмсалды, ал қоңыздар қазір онда келіп саяхаттап жүр. Жарайды, біз оларды аздап улай аламыз, бірақ оның мәні неде? Қараңызшы, ол барлық жерде жүр , шөпте де қаптап алған. 

Жергілікті тұрғындар көкөніс үшін ғана емес, денсаулықтарына да алаңдайды. Қалада бұрын-соңды болмаған қоңыздардың кенеттен қаптағаны қорқыныш туғызып отыр. Олар бақшаларынан бұрын-соңды мұндай жәндіктерді көрмеген.

АРАЙ БҰЛАНОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жана ғана бір ұстап көрдім, ана тарақанды, олар еще адамдарды тістейді. Еще балаларда жаз, каникул. Қазір біреуге бір нәрсе, инфекция болса, тоже қиын жағдай болады. Жергілікті белсенді тұрғынның бірі талай орынға шағымданып, хат та жазған.
ТАТЬЯНА ВОЛКОВА – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен әкімдікке өтініш жаздым, ТҮКШ-ға хабарластым, Call-орталыққа қоңырау шалдым. Олар қолға алып, бір шара қолдану үшін. Өйткені бұлай болмайды. Бүгін дезинфекция келді, олар бұл қоңыздарды зертханаға апарады және қорытындысы туралы маған жауап береді. 

Қоңыздар сараптамаға жіберілді. Зиянкестер "жапырақ жейтін рапс" қоңызы деп аталады. Мамандардың айтуынша, мұндай жәндіктер бұрын Семейде кездеспеген. Бірнеше апта бұрын дәл осы қоңыздар Мақаншы ауданын және Алакөлдің жағалауын басып алып, ол жақта ылғалды дезинфекция жүргізілген еді. Семейде дәл сондай шаралар қолға алына ма, ол жағы әзірге белгісіз.

АЛМАС САРСЕНБЕКОВ - ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өсімдіктер қорғау туралы заңының 11 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингпен саны зиянды экономикалық шегінен асқан жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті деп көрсетілген. Егерде жеке тұрғындарының өз жерлерінде болса, өз күштерімен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті. 

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция қалалық әкімдікке ұсыныс хат жолдады. Егер бюджеттен қаражат бөлінсе, онда өңдеу ақысыз жүргізілуі мүмкін. Жапырақ жейтін рапс қоңызы - дақылдардың қауіпті зиянкестерінің бірі. Қыста қоңыздар тұқымдарын жерге жасырады. Осындай бір жәндік 250-ге дейін жұмыртқа салады. Бұл дегеніңіз егер уақтылы шара қолданылмаса, келесі жылы жағдай қайталанып қана қоймай, одан да нашарлауы мүмкін екенін көрсетеді.


БОТАКОЗ ДАНДЫБАЕВА