Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдік аппаратының кеңейтілген отырысын өткізді. Онда қаламызда санитарлық-экологиялық екіайлық өтетінін атап өтіп, жауапты орындарға тапсырма берді.

Семейде 1 сәуірден 31 мамырға дейін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату бойынша санитарлық-экологиялық екіайлық өтеді. Әкімдік аппаратының кеңейтілген отырысында Нұрбол Нұрсағатов жауапты бөлімдер мен ұйымдарға бірқатар міндеттер жүктеді.

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ- СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Көлік және автожолдар бөлімі мердігер ұйымдармен бірлесіп абаттандыру элементтерінің тиісті жай-күйін, көшелер мен жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды, қоғамдық көліктерді қалпына келтіру, сенбілік өткізу кезінде жол таңбаларын уақытында қою тапсырылады

Тұрғын үй инспекциясы, сәулет және кәсіпкерлік бөліміне тұрғын үйлердің және басқа да ғимараттардың қасбеттерін, қоғамдық ғимараттардың, сауда орындарының, кеңселердің, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың аулаларын тиісті жағдайға келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ Қала әкімінің бастамасымен тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында әкімдіктің әрбір бөліміне белгілі бір сектор бекітілді.НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ- СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Әрбір бөлім басшысы өздеріңіздің секторларыңызға жауап бересіздер, 14 сектор. Бірақта бұл жерде бір түсініп алу керек, тек қана біздің организациялар емес, бүкіл қаланың кәсіпкерлері, бүкіл халық болып қаланы тазалыққа келтірмесек , оны біз жалғыз әкімшіліктің күшімен оны тазалыққа келтіре алмаймыз.
Ал ТҮКШ бөліміне мердігер ұйымдармен бірлесіп ағаштарды, бұталарды отырғызуды, көгалдар мен гүлзарлар егуді, оларға тиісті күтім жасауды, және қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс үйінділерін тиісті санитарлық жағдайға келтіруді қамтамасыз ету міндеттелді.НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ- ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сенбіліктер кезінде ТҮКШ бөлімі қоқысты шығаруға арналған қосымша техниканы, күрекпен тырмалауға, қоқысты жинауға арналған құрал-жабдықтарды ұсынуды жоспарлап отыр. Тиісінше, біз барлық бағыттар бойынша, яғни қала аумағында орталық көшелер бойында жұмысты күшейтетін боламыз, сонымен қатар жеке сектор да қамтылады. Жалпықалалық сенбілікті өткізу кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға өткізу барысында жәрдем көрсету қарастырылып отыр. Яғни, қаланың бюджеттік ұйымдарынан қоқыс тегін қабылдануы мүмкін.

Сонымен қатар, жеке меншік иелері, барлық меншік нысандарының басшылары, гараждар, үйлер, саяжай иелері, бау-бақша кооперативтерінің төрағалары аумақты тазалауға белсенді ат салысуы тиіс.