Жыл сайынғы жылу маусымында қаламызды қап-қара қар басады. Оған себеп қазандықтардың жұмысы кезінде ауға көп мөлшерде күйе шығарылады. Биыл қаланың бірнеше қазандығында ауаны тазартуға көмектесетін арнайы сүзгілер орнатылды.

Зиянды қалдықтардың шығарылуы атмосфералық қабатқа үлкен зиянын тигізеді. Олар қоршаған ортаға ғана емес, адамдардың денсаулығына да залал әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін "Ғаббасов" және "Орталық" қазандықтарындағы 1 қазандыққа сүзгілер орнатылды. Олардың тиімділігі қазірде 99% құрайды. Мұндай сүзгілер қазандықтан шығатын зиянды бөлшектерді ұстап қалып, олардың таралуына жол бермейді. Бірақ сүзгілер әзірге барлық қазандықта жоқ.

ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ғаббасов қазандығында сүзгі тек 1 қазандыққа ғана орнатылған. 4- іншісі жаңа, яғни сүзгі бүкіл қазандыққа орнатылмаған.Ғаббасов қазандығында қазіргі таңда 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Олар жаңартылғанға дейін, бұл КН- 25 атты 3 қазандықта циклондық типтегі сүзгілер бар, олар солай қала береді. Біз жаңа КН-25 4-ші қазандық орнатқанбыз. Оған сүзгінің жаңа түрін орантқанбыз. Бұл қазандық өз жұмысын бастағанда, жаңа сүзгі де өз жұмысын бастайды. 4-ші қазандыққа барлық құрылыс жұмыстары жүргізілді, әзірге резервте тұр, бірақ, кез- келген уақытта өз жұмысын бастауы мүмкін.

Бұған дейін фильтрді орнату 2023-2026 жылдарға арналған даму жобасына енгізілгені хабарланған болатын. Әрбір жылу көзіне шамамен 124 миллион теңге қажет. Оның 22-сі біздің қаламызда. "Орталық" қазандығында да жаңа сүзгі орнатылған. Осындай сүзгілерді "Зооветинститут" және "35-квартал" қазандықтарында орнату жоспарлануда. 

ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Орталықта да сол мәселе. 6 қазандықта ескі, оларда кеңестік дәуірден келе жатқан ауа тазартқыштар тұр. Ал, КН-25 7 қазандығына жаңа сүзгі орнатылған. Бұл сүзгі де қазандық өз жұмысын бастаған уақытта қосылатын болады. Сондай- ақ біз бүгінгі күні 1-ші жылу электр орталығындағы қолданыстағы сүзгілерді жаңарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Бір жылдары ол жерге электр сүзгілер орнатылған болатын, өкінішке орай олар ұзақ уақытқа шыдамады. Шамамен 1-2 маусым істеп, тоқтап қалды. Яғни, қазіргі күні электронды бөлігі жұмыс істемейді, жұмыс тек ауа тазартқыш арқылы жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта электр сүзгілерінің жұмысын жаңарту және құбырларды тазарту сапасын жақсартуға жаңа технологияны орнату үшін Жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Биылғы жылу маусымы аяқталып қалғандықтан жаңа фильтрлердің жұмысын тек келесі қыста ғана көре аламыз. Әзірге қара түтін будақтатқан қазандықтардың қаланың экологиясына тигізіп отырған зияны көп.