Теміржолда жұмыс істеу тек жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен бірге мамандыққа адалдықты қажет етеді. Назгүл Тергемесова 20 жылдан артық темір жол станциясы паркінің кезекшісі міндетін атқарады. Жұмыс оңай емес, мамандықтың қыр-сырын меңгерумен қатар білек күшін қажет етеді. Ол қыста аязға, жазда аптап ыстыққа қарамастан даладағы ауыр еңбекті жауапкершілікпен алып жүр.

НАЗГҮЛ ТЕРГЕМЕСОВА ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫ ПАРКІНІҢ КЕЗЕКШІСІ

Башмак деген теміріміз бар. Қазақша табантірек деп аталады. Оның салмағы 6 кг 700 грамм. Енді оны көтеріп алып анау 4- ші путьқа пассажираскийдың астына, арақашықтығы көріпін тұр өзі, аз дегенде 100, 150 метр соны көтеріп алып, башмакты тасу, физикалық тұрғыдан ауыр. 20 жылдай жұмыс істеп келеміз енді. Сондай қзатты ауыр деп айта алмаймын. Сол башмактың салмағын көтеру ауырлау әйелдерге.

Назгүл-сүйікті жар, қамқор ана. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Үйге де, жұмысқа да бірдей үлгереді. Құжаттармен жұмыс істеп, перрондағы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де жауап береді. Әр жұмыстың қиындығы бар, ол өз табандылығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп келеді.

НАЗГҮЛ ТЕРГЕМЕСОВА ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫ ПАРКІНІҢ КЕЗЕКШІСІ

Жаңбыр жауып тұрсада , жел соғып тұрсада, боран болсада , тайғақ болсада қалай ер адамдар жұмыс істеп жүреді пүтьта, бізде сол сияқты жолда путьта жұмыс істеп жүрміз. Жартылай военнизированная организация деп айтады ғой, сондықтанда бізде тәртіп бар.0025 скл 0055 осы теміржолддың арқасында квартира алдым, үй алдым, жақсы жетістіктерге жеттім, балашағам бар, семьям бар, осы теміржолдың арқасында сондай жетістіктерге жеткен 3 шығармын деп ойлаймын, ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз.

Ерлер атқаратын міндетке жататын көптеген басқа салалар сияқты, теміржолдағы кәсіби ортада да әйелдер өз біліктіліктерін мойындатуға жол ашты. Назгүл Тергемесова солардың бірі. Нәзік жанды Семей теміржолының жұмысына үлесін қосып келеді.