Shakarim University 90 жылдық мерейтойы аясында, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы-ғалым Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбайдың «Толық адам» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап абайтанушылар мен қоғамтану ғылымы саласының мамандарына және жалпы көпшілік қауымға арналған. Аталмыш шараға Абай облысының әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, ғылыми қызметкерлер және студенттер қатысты.

«Толық адам» кітабы – Абайдың шығармашылық өміріне, көркем әлеміне және ойлау жүйесіне мен психологиясына қатысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеу еңбектерінің тұжырымы. Аталған кітап абайтанушылар мен қоғамтану ғылымы саласының мамандарына және жалпы көпшілік қауымға арналған. Абайтанушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, Хакім Абайсыз, ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов сынды әдебиет әлеміндегі алыптар болмайтындығын атап өтті.

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Абай жоқ. Адам емес. Ондай болған жоқ. Жазбаған өлең дейді 44 тілге аударылған. Кім айтып отыр оны. Абай жоқ болса, Шәкәрім де жоқ, мына университетте жоқ. Кешегі Семей, бүгінгі Шәкәрім университетінің профессорлары мен шәкірттері.

Бүгінде білім ордасының басты миссиясы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен Абай аңсаған кемел тұлғаны қалыптастыру. Мемлекет басшысы, адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алатындығын ерекше атап өткен. Осы ретте, оқу орны «Толық адам» тұжырымы аясында бірқатар іс-шаралар кешенін өткізуде.

МЕРЕЙ ШАМЕНОВ – ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Мақсаты бұл жерде өздеріңіз білесіздер, «Толық адам» деген Абай атамыздың өмірі, шығармалары барлығы соған талдау жасалған. Тұрсын ағамыздың 2 томдық қазіргі таңдағы жарыққа шығып жатқан кітабы. Сол кітап келешек ұрпаққа жақсы әдеби шығарма деп айта аламыз. Әрине, студенттер үшін бұл өте керек шаралар. Өте қызықты. Студенттердің шығармашылығын дамытуға деген сияқты өте маңызды шаралардың бірі деп айта аламын.

Жиында Тұрсын Құдакелдіұлының абайтану іліміне қосқан зор үлесі, Алаш қайраткерлерін зерттеуі мен ғалымдық жолы айтылды. Ғалым бұрын соңды «абайтану» мен «әуезовтануда» белгісіз болған көптеген құнды деректерді ғылыми айналымға енгізді. Іс-шараға қатысқан өскелең ұрпақ ой-пікірлерін ортаға салып, кітапқа қатысты өз ойларымен бөлісті.

АЛМАТ САЯТҰЛЫ – СТУДЕНТ
Жалпы, бүгінгі кездесу туралы айтатын болсам, бұл студенттер мен Тұрсын Жұртбай ағамыз сияқты ұлы тұлғалардың арасында өткен рухани байланыс деп білемін. Жалпы, осындай ұлы тұлғалармен байланысты орнатып жатқан Шәкәрім университетіне де үлкен алғысымды білдіремін. Жалпы, Тұрсын Жұртбай ағамыз абайтанушы, әуезовтанушы және де алаштанушы. Осы бір кішкентай ғана аз ғана ғұмырын қазақ үшін, ел үшін арнап жүрген жазушы, ақын десек артық айтқаным емес. Жалпы, жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осындай кездесулер көп болса да деп білемін.

Кітап – абайтану ілімі үшін әдістемелік талдау болады. Соған орай, Абайдың таным көздері туралы жаңа деректер мен дәйектер де бар.

АСЛАН ЕРТІСБАЕВ