Семейде бүгін ауа райы мінез танытып тұр. Жаңбыр жауып, жолда көктайғақ пайда болды. Онымен қоса, ұйытқыған жел де қозғалысты қиындатты. Қолайсыз күн райына байланысты мектеп оқушылары мен колледж һәм жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқуға көшірілді. Қаладағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Десе де, діттеген жеріне жете алмай жатқандар көп. Арнаулы мекемелер жолдарға құм сепкенімін, жаяу жүргіншілер жолы талапқа сай емес. Шаһар тұрғындарымен тілдесіп көрдік. Мұндай қарбаласта қатынау қиямет, дейді олар.