Семей медицина университетінде «Қатерлі ісіксіз болашақ» атты форум өтті. Негізгі мақсат - жатыр мойны обырының алдын алу және адам папиллома вирусына қарсы екпе туралы қоғамды ақпараттандыру. Форум Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.