Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойына орай, Абай облысында ең ірі экологиялық жобалардың бірін жүзеге асырды. Семей қаласының «Қызыл Кордон» ауданында 1000 қарағай көшетін отырғызды. 2023 жылғы орман өрті салдарынан келген залалды қалпына келтіру және орман қорын толықтыру мақсатында ерікті студенттер мен банк қызметкерлері 1 000 қарағай көшетін отырғызып, көпке үлге болды.