Футбол жанкүйерлері үшін тамаша жаңалық! Семейдің «Елімай» футбол клубы тұңғыш рет УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Өткен демалыс күндері «Елімай» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдап, тартысты өткен ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Семейлік команда осы маусымды турнир кестесінің төртінші сатысында аяқтады.