Қазақстанның көлік саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Аягөз – Бақты» темір жолы. Жаздан бері құрылысы қарқын алды. 297 шақырымдық жаңа магистраль еліміздің шығысындағы транзиттік әлеуетті арттырып, Қытай бағытына қосымша дәліз ашпақ. Қазір шойын жолдың табаны тегістеліп, жол түсетін жердегі тауларды тегістеу жұмыстары атқарылуда.