Елімізде энергетика және коммуналдық саланы жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Абай облысында 48 шақырым жылу желісі жаңартылады. Семейде аталған жобаны іске асыру мәселелері талқыланған семинар-кеңес өтті.

Ұлттық жоба 4 жылға жоспарланған. Мақсаты - тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңарту. Энергетика және коммуналдық саладағы өзекті мәселелер - желілердің тозу деңгейі жоғары өңірлерге басымдық бере отырып, жөндеу қуатын арттыру арқылы шешілмек. Сарапшылардың айтуынша, жаңғыртуды бастау аз, желілерді бақылау мен күтіп ұстаудың нақты жүйесін қалыптастыру маңызды.

ӘЛИЯ МҰРЗАҒАЛИЕВА, «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Біздің ұлттық жоба қабылданған 24 жылдың аяғында Үкіметпен. Оның түсіндірудің, оның қандай жақсы жақтары бар, оның қандай тиімді жолдары бар, қаржыландыру тетіктері соларды түсіндіру үшін келдік. Өйткені, 30 жыл бойы негізі осы біздің коммуналдық сектор, энергетикалық сектор өте қатты инвестициялар болмаған, салынбаған. Желілердің тозуға жетіп жатыр, ал тұрғындар болса жылу, салқын судың тазалығы, не болмаса берілетін жылудың үздіксіз болуы. Олардың бәрі қиын жағдайда болып жатыр өңірлерге. Біз келіп жатқан өңірлер бәрі қызыл аймаққа жатады. Өйткені, бізде қазір қызыл және сары, жасыл аймақ деп бөліп отырмыз үш зонаға.

Абай облысында ұлттық жоба аясында үш мекеме желіге қосылады. 48 шақырым жылу желісі, 2 398 шақырым электр желісі, сондай-ақ 196,6 шақырым су құбыры мен 85,2 шақырым кәріз желісі жаңартылады.

МЕЙІР МӘДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Абай облысына келетін болсақ, қазіргі таңда бізде субъектілеріміз бар. Әлі қатысу, қатыспау процессі қабылдануда. Бірақ негізі ол «Семейводоканал» су құбырлары бойынша, «Теплокоммунэнерго» жылу жүйесі бойынша, сонымен қатар, электроэнергиясымен жабдықтау Шығыс Қазақстан, Абай облысында қызмет жасайтын «Біріккен ЭнергоСервистік компаниясы бар.

Жоба жүзеге асқан соң, өңірдегі инфрақұрылымның тозу деңгейі 18,1 пайызға төмендейді. Ал жылу, электр, су және кәріз жүйелеріндегі тозуды 50 пайыздан төмен түсіру үшін 6,8 триллион теңге инвестиция қажет.


ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ