«WorldSkills Abai – 2025».(уорлд скилс) Абай облысында кәсіби шеберліктің үшінші өңірлік чемпионаты ашылды. Оған өңірдегі 29 колледждің 200-ден астам студенті қатысуда.


«WorldSkills Abai – 2025» биыл 55 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды. Студенттердің кәсіби шеберлігін 300-ден астам білікті сарапшы бағалайды. Тәжірибелік кезең 13–16 мамыр аралығында 10 колледж базасының заманауи өндірістік алаңдарында өтеді.


Қаныш Төлеуов – Геодезия және картография колледжінің директоры


Биыл үшінші рет Абай облысында World skills жарысы өткізіліп жатыр. 55 құзыреттілік бойынша, 215 қатысушы биыл. Осы өңірлік іріктеуден өткен балалар Республикада, облыста танытатын болады. Неше жылғы осы қозғалысқа қатысу барысында осы өңірдің студенттері өздерінің біліктіліктерін өте жоғары деңгейде көрсетуде.


Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыру және халықаралық талаптарға сай мамандар даярлау.


Бауыржан Туленов – Абай облысы білім басқармасы басшысының м.а


World skills чемпионаты қазіргі таңда әлемде өте тартысты додалардың бірі болып табылады. Облысымыз екі жыл қатарынан республикада жеңісті бірінші орынды бермей келеді. Осындай деңгейді біз ары қарай жалғастыруымыз керек. Чемпионатқа қатысушыларға өздері оқитын оқу орындарының намысын абыроймен қорғап, үздік кәсіби білім көрстеулеріне тілектеспін.


Студенттер ақпараттық технологиялар мен робототехника, құрылыс және жөндеу, қоғамдық тамақтану мен сервис, инженерлік және көлік қызметтері бойынша жарысады. Педагогика, шығармашылық және денсаулық сақтау, қаржы, бизнес, дизайн қзге де бағыттардағы сайысқа қызыға қатысуда. 


Нұргелді Қуаныш - Қатысушы


Осы World skills Abai – 2025 аймақ аралық жарыста алғаш рет қатысуым. Мұндағы сезім ерекше. Біз бұл жарыста ветеринария құзыреттілігі бойынша қатысамыз. Бұл ветеринария мамандығында біз тігістерді үйренеміз, ұрықтың сапасын анықтаймыз және де тағыда басқа көптеген жұмыстарды жасаймыз.


Чемпионаттың жабылу және марапаттау рәсімі 20 мамыр күні өтеді. WorldSkills Abai – 2025 чемпионатының қорытындысы бойынша республикалық кезеңде Абай облысының атынан өнер көрсететін үздік жаңа құрам жасақталады. Бұл команда облыс атынан өнер көрсетіп, ұлттық деңгейдегі бәсекеде аймақ абыройын қорғайтын болады.