«Семей аруы – 2025» сұлулық байқауы өтті. Дәстүрлі сынға қаладағы оқу орындарының әсемдігі мен ақылы жарасқан студенттері қатысты.


"Семей аруы – 2025" байқауын Абай облысы бойынша Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымдастырды. Зал байқауға қатысқан аруларды қолдауға келген көрерменге лық толды. Инабатты да көрікті бойжеткендер әр оқу орнының байқауында топ жарып келген. Енді қала деңгейінде бақ сынайды. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Алғасшысы қойылым кезеңі, екіншісі – викторина, онда қатысушылар тарихи, әдеби тақырыптағы білімдерін байқатты. Үшінші кезең – "жұлдызды сағатта" бар өнерлерін ортаға салды. Байқауды дефиледе әдемі және талғампаз жүріспен аяқтады.


Еркебұлан Еңкебаев – Қазылар алқасының мүшесі


Бүгінгі «Семей аруы» байқауы қарагөз қарындастарымыздың сайысы, олардың инбаттылықтарымен, көріктілігімен, әдемі қылықтарымен көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамыз. «Семей аруы» байқауының әрбір қатысушысын жеңімпаз деп есептеймін. Әрбір қазақ қызы жеңіске лайықты. Сайыс болғандықтан жеңімпазды біз анықтау керекпіз. Сондықтан сайыс тартысты, әрі мықты болады деп ойлаймыз. Ең бастысы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін әдемі кештің куәсі боламыз деген сенімдемін.


Байқау қорытындысы бойынша Гүлім Әділбекова "Семей аруы – 2025" атанды. I- VICE Semey аруы – 2025 атағын Диана Сүлейменова иеленді. II-ші VICE Semey Аруы Сара Бегетарова болды. Барлық қатысушыларға демеушілерден алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл кеш әсемдікпен қатар ақыл-ойдың, сенімділік пен дарындылықтың жарқын көрінісі болды.