Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Күні кеше ғана Үкімет отырысында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, Үкімет қаулысы бекітілді. Абай облысында да жұмысшы мамандықтарға айтарлықтай сұраныс жоғары. Бүгінде бірнеше колледж жұмысшы мамандарын оқытады.

Абай облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» атап өту бойынша облыстық іс-шаралар жоспары жасалып, оны жүзеге асыру басталып кетті. Жоспарға сәйкес, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері тарапынан 300-ге жуық іс-шара қамтылған. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 111 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Айсұлу Молдиярова - Электротехникалық колледж директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Менің ойымша, бұл еліміздің экономикасын дамыту, өндірісте білікті жұмыс орындарын құру үшін өте маңызды. Экономиканың кез-келген саласы, бәріміз білетіндей, жұмыс топтарынсыз, техникалық мамандықтарсыз жүзеге аспайды. Ол үшін біз материалдық, қаржылық және ақпараттық жағдай жасауымыз керек. Осылайша біздің болашақ ұрпақ тек біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де бәсекеге түсе алады.

Абай облысының 31 колледжінде 70 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Қазір 3 мыңнан астам студент білім алуда. Облыстағы 20 колледж 4200 студентті қамтитын 22 кәсіпорынмен меморандумға отырды. Ал, 2025 жылы бірқатар колледждер жұмысшы біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отыр.

Талғат Далбен - Көлік колледжі құзыреттілік орталығының меңгерушісі

Барлығы юрист, экономист болмайды. Жұмысшы мамандықтар да керек. Себебі, көлік саласын алатын болсақ, жүргізушілер барлық жерде қажет. Автокөлік жүргізушісі, автобус жүргізуші болса да, жалғыз осы ғана емес, басқа да салаларда да, мысалы тоқ жағынан келетін болсақ, электриктер, теміржолға байланысты оның машинист көмекшілері деген сияқты. Рефераторлық электриктары тағы да басқалары. Жұмысшы мамандықсыз ешқандай өндіріс дамымайды.

Қазіргі уақытта жергілікті бюджет, жұмыс берушілер мен колледждер қаражаты есебінен материалдық базаны жаңарту, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықталған құзыреттілік орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл студенттердің оқу және өндірістік процестен ыңғайлы өтуіне жағдай жасайды.

Нұрболат Әлімқұлов – Құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Колледжімізде жұмысшы мамандықтарын даярлауға министрліктің тарапынан қолдау көрсетіліп, соңғы жылдарда 5 жылдың ішінде колледжімізде үлкен Абай облысына бірден бір беделді құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл құзыреттілік орталықта 20-дан астам жұмысшы, құрылысшы мамандықтарын даярлаймыз. Сапаға сай мамандарды дайындау үшін қазіргі таңда құрылысы саласы өте жақсы, қарқынды жұмыс жасап жатыр.

Жұмысшы мамандықтарға еңбек нарығында қашан да сұраныс жоғары. Геодезия, картография және құрылыс колледжі былтыр 245 баланы қабылдаса, биыл төрт жүзден астам студентті қабылдады. Сондай-ақ, екі жыл бұрын Абай облысында эксперименттік жүйе енгізіліп, 9-сынып оқушылары мектеп бағдарламасымен қатар, арнаулы оқу орнында қатар білім алады. Осы жүйе арқылы былтыр 60-астам оқушы жұмысшы мамандығын меңгерген.