Өз облысымызда Қытайға өткізетін терминал ашылды. Қазақстан мен Қытайдың алыс-берісін одан ары дамытуға жол ашатын нысан 6 желтоқсанда «Бақты» кеден бекетінде іске қосылды. Ол туристерге екі ел арасындағы шекараны заң бойынша кесіп өтуге мүмкіндік береді.
«Бақты» кеден өткізу пунктінен тек жүк көлігі өтетін. Сондықтан жеке тұлғалар ол арқылы Қытайға қатынай алмайтын. Енді қазақстандықтар іске қосылған терминал арқылы арнайы халықаралық жолаушылар тасымалына рұқсаты бар автокөлікпен ҚХР туризм мақсатында бара алады. Терминалды іске қосқалы бері Қытайға 214, Қазақстанның аумағына – 180 азаматтар өтті.
Әсем Тұрлыбекова – Абай облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы
Абай облысында енді «Бақты» шекара бекеті арқылы Қытаймен шекарадан жаяу өтуге болады. Бұл мемлекеттік кірістер комитетінің ҚХР өкілдерімен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. 2024 жылғы 6 желтоқсанда Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» кеден бекетінде уақытша жолаушылар терминалы іске қосылды, ол туристерге қолданыстағы заңнамаға және белгіленген тәртіпке сәйкес екі ел арасындағы шекараны кесіп өтуге мүмкіндік береді.
Жолаушылардың уақытша терминалы «Бақты» өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жарақтандыру аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады және туристерге шекарадан өтуге мүмкіндік береді.
Әсем Тұрлыбекова – Абай облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы
Айта кету керек, бұған дейін жеке тұлғалардың туризм мақсатында шекарадан өтуге мүмкіндігі болмаған, өйткені терминал тек жүк көлігін өткізу үшін жұмыс істеген. Енді жеке тұлғалар туризм мақсатында Қытайға барып, арнайы халықаралық жолаушылар тасымалына рұқсаты бар автокөлікпен кіре алады, бұл ретте жеке пайдалану үшін Қытайдан әкелінетін жүктің салмағы айына 25 келіден аспауы тиіс.
Терминал туризмді дамыту және Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту үшін аса тиімді. Екі ел басшыларының таяу болашақта екіжақты сауда көлемін екі есеге арттыру бойынша алға қойған мақсатты іске асыру үшін маңызды. Бұл жаңалыққа тұрғындар да қуанып жатыр.
Облыс Тұрғыны
Мінекей, екі елдің арасы ашылып қуанып жатырмыз. Әлі де осылай ынтымақтары жақсы болып, жолаушылардың жолы болып, аман-есен екі елдің арасын туысшылап, бір-бірін көрмеген туыстарға кездесуді нәсіп етсін.
Облыс Тұрғыны
Қытай мен Қазақстан арасында шекара ашылып халыққа қолайлы болды. Қазір бәрі жақсы, екі жақ та тоқтаусыз өтіп жатыр. Халыққа жақсы болды. : Терминалдың салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, «Бақты» кеден бекетінің қызметкерлері, шекара қызметінің өкілдері қатысып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу және достық қарым-қатынастарды нығайту үшін ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.