Семейде халықаралық студенттер күніне арналған футбол және волейболдан қала әкімінің кубогы турнирінің жеңімпаздары марапатталды. Қалалық мәдениет сарайында үздік командалар мен ойыншыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жарысқа колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Турнирді қалалық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оған футболдан 13 және волейболдан 11 команда қатысты.

Арайбек Хамзаев - Семей қаласы әкімінің орынбасары

Сіздер еліміздің келешегі қалыптасатын білімді де білікті азаматтарысыздар. Әрбіріңіздің тек жақсы оқу мен биік мақсаттарға ұмтылу және үлкен жетістіктерге жету жолында қанаттарыңыз талмасын деп айтқым келеді. Құрметті студентер, мекелеріңіз тағы да құтты болсын.

Футболдан турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Alikhan Bokeikhan University, 2 орынды М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, 3 орынды Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі иеленді. Волейболдан 1 орынды Семей медицина университетіне, 2 орынды Шәкәрім университетіне, 3 орын М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне берілді.

Елдар Мақсұтов - Семей қаласы жастар ресурстық орталығының директоры

Алдағы уақытта біздің мақсатымыз волейболмен де футболда студенттер арасында Лига ашу. Мысалы кешегі өткен ойындар турнир форматыңда өткізілсе, демек 1 рет. Ал Лига ол 1-3 ай көлемінде өткізілетін болады.

Сонымен қатар бірқатар студент «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» сынды түрлі аталымдармен марапатталды. Солардың бірі Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің студенті Самат Арсен. Ол футбол турнирінің үздік қорғаушысы атанды. Ол облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы.

Самат Арсен - «Үздік қорғаушы» аталымының иегері

Жарыс өте жақсы деңгейде өтті. Организация өте жақсы болды. Студенческий бригада да өте жақсы жұмыс істеді деп ойлаймын. Қарсыластар жақсы деңгейде ойнайды. Ойнау қиын болды. Республикада 1-ші орынн алғанбыз колледждар атынан қала бойынша. Абай облысы бойынша өзім Елімай сатында республика бойынша екінші орын алдым.

Жастардың спортқа деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Мұндай турнирлерді өткізу қатысушылардың спорттық жағынан дамуына ғана емес, командалық рухты нығайтуға да ықпал етеді. Талантты жастарды анықтауға, сондай-ақ олардың бойында табандылықты, командалық жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға септігін тигізеді.