Бүгінде Абай облысындағы мектепке дейінгі ұйымдардың 25 пайызы жеке меншік. Қалғаны мемлекет қарамағындағы мекемелер. Абай облысы білім басқармасының өкілдері мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы туралы өңірлік комммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
Бүгінде Абай облысында 361 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 91-і мемлекеттік. Барлығы 2487 жоғары және орта арнайы білімі бар педагог жұмыс істейді. Педагогтар қатарында магистрлер де бар. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Биылғы жылы 565 педагог осындай оқуды аяқтады. Алайда, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мәселесі ерекше өзекті.
Айжан Құрманова – Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі №192 бұйрығына сәйкес, Абай облысы білім басқармасы Семей қаласының "Айдана" № 2 бөбекжай-бақшасында және "Ақ бота" № 7 бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымдарда озық педагогикалық тәжірибені арттыру үшін құзыреттілік орталықтары құрылды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстық білім басқармасының бұйрығымен құзырет орталықтарының желісі кеңейтілді, жұмыс істеп тұрған екі құзырет орталығының қатарына Семей қаласының тағы 5 мектепке дейінгі ұйымдары қосылды.
Келесі жылдың басынан бастап аудандардың балабақшаларында 10 құзырет орталығы ашылады. Мұндай орталықтардың міндеті: көшбасшылықты дамыту, шығармашылық бастамаларды әдістемелік қолдау, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, озық тәжірибені тарату және баланың кедергісіз психологиялық жетілуіне жәрдемдесу. Сонымен қатар, ата-аналар үшін кеңестік пункттер де жұмыс істейді.
Айжан Құрманова – Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Абай облысында мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналар үшін 271 консультативтік пункт жұмыс істейді. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда - 111, орта білім беру ұйымдарында - 160, қалада – 88, ауылда-176 пункт жұмыс істейді. Жыл соңына дейін олардың санын 287-ге жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте 2025 жылы 50 консультациялық пункт іске қосылады.
Биыл облыстың кеңестік пункттеріне 1802 ата-ана жүгінді. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 59 және 256 көп балалы ата-ана болды. Сұрақтардың көбі мүмкіндігі шектеулі балалар, сөйлеу мен дамуында тежелу бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне қатысты болды. Ата-аналармен балаға одан әрі көмек көрсету бойынша кеңестер берілді.
Сұлтан Жоламанов