Елімізде 943 нысаналы мектеп бар. Соның 80-і біздің аймақта орналасқан. Нысаналы мектептермен жұмыс жасау үшін жобалық кеңсе құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жобалық кеңсенің мақсаты - нысаналы мектептерге әдістемелік қолдау көрсету. Негізгі міндеті – жобаны өңірлерде тиімді басқару және үйлестіруді қамтамасыз ету. Абай облысында құрылған кеңсе өңір мектептерімен жұмысты бастап кетті.

Айжан Құрманова – Білім басқармасы басшысының орынбасары

Білім беру сапасының Композиттік индексі негізінде облысымыздың 332 мектебі 3 топқа бөлінді. «А», «Б» және «С» топтарына. А тобына 22 мектеп, Б тобына 200 мектеп, С тобына 80 мектеп енді. Осы 80 мектеп нысаналы мектеп деп аталатын болады. Оның ішінде 53 мектеп - І ағымда, 27 мектеп - ІІ ағымға кіріп отыр.

Тамыз кеңесіндегі «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» секциялық отырысында аудандық, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, кабинет меңгерушілері, нысаналы мектеп директорларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нысаналы мектептермен жұмысты 22 әдіскер үйлестіріп отыр. Олар «Әдістемелік қызметті трансформациялау» курсынан толық өтті. Әдіскерлерге Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы жыл бойы курстан кейінгі қолдау көрсетеді.

Айнұр Исабаева – Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық директорының міндетін атқарушы

Нысаналы мектептердің педагогтері оқытудың 3 деңгейін көздейтін кешенді бағдарлама бойынша оқуды бастады. Олар базалық негізгі және ілгерімді. Оқыту бастауыш сынып мұғалімдерімен 10 пән бойынша мұғалімдерге арналған. Бүгінгі таңда нысаналы мектептердің 2000-нан астам педагогі тіркеуден өтіп, онлайн форматта базалақы курстан дәріс алып жатыр. Оқыту алдында диагностикалық тестілеу қарастырылған. Оны педагогтеріміз міндетті түрде өтті.

Нысаналы мектеп оқушыларының білімі сынақтан өтеді. Нәтижесі талданып, олқылықтар анықталды. Білімі төмен мектептерге мамандар тарапынан әдістемелік көмек көрсетіледі. Жалпы KPI төрт деңгей бойынша жасалады: білім сапасындағы «әлсіз», «жақсы», «жоғары» және «өте жоғары» көрсеткіш. Абай облысының нысаналы мектептері білім сапасын 1,87%-дан жоғары нәтижеге көтеру қажет.

Аружан Таубекова