Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы «Лекторий» жобасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты-қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау..
«Лекторий» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысының жобасы екінші жыл қатарынан іске асырылуда. Ақпараттық сағат барысында азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, еліміздегі жаңа институт «Этномедиация» жобасының дамуы туралы айтылады. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына мәдениетаралық саясат, Аналар кеңесінің қызметі ақпараттандырылады.
Надежда Шарова – «Қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі» МКМ директоры
«Лектория» барысында облысымыздың барлық қалалары мен аудандарын аралап, мақсатты аудиториялармен кездестік. Оларға азаматтық сектор, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, студент жастар, мектеп оқушылары, сондай-ақ әскери бөлімдердің өкілдері кіреді. Бұл ақпарат біздің жаңа достарымызға олардың жұмысына жақсы көмек болатынына сенімдімін.
Бұл жолы қоғамдық келісім орталығына әскери бөлімдердің тәрбиеші-офицерлері, батальон командирлерінің орынбасарлары, рота командирлерінің құқықтық және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жиналды. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
Гинат Жангудин - Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарының м.а.
Оқу әдістеменің мақсаты – сарбаздармен тікелей жұмыс істейтін офицерлерді үйрету болып саналады. Бұл оқу әдістемелік жиыны бес күн арасында өтеді. Бұл тек қана лекциялар емес, бұл жерде психологиялық тренингтар, сарбаздармен қазіргі таңда қандай заманауи жұмыс істеуге болады, қандай шараларды жүргізуге. Сол туралы.
«Дәріс» аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар өздерінің әскери бөлімдеріне барып, алған тәжірибелерін әріптестерімен бөліседі. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілермен азаматтық қорғаныс комитетінің бекітілген жоспарына сәйкес тқрақты түрде өткізіледі