Семейде татар халқының Сабантой мерекесі кеңінен тойланды. Жыл сайын Бейбітшілік аралында мерекені тойлау үшін, татар халқының салт-дәстүрлерімен танысу үшін қала қонақтары мен тұрғындары жиналып бас қосады.
Сабантой мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл мереке барлық ұлт өкілдері асыға қарсы алып, тойлайтын мерекеге айналды. Оның басты ерекшелігі қонақжай татар халқының көпжылдық дәстүрлерімен таныстырып, елдің береке-бірлігін арттыру.
Нұрбол Нұрсағатов – Семей қаласының әкімі
Сабантой еңбек пен береке, достық пен бірлікті ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күн ата бабамыздан қалған салт-дәстүрді жаңғыртып ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сәт. Бұл күні біз ауылшаруашылығындағы жетістіктерімізді атап өтіп болашаққа сеніммен қараймыз. Ежелден келе жатқан ойындармен жарыстар, ән мен күй би мен жыр барлығы Сабантойдың ажырамас бір бөлігі. Бір тұтас шаңырақ астында бас қосқан 130-дан астам ұлт өкілдері бұл күнді ерекше атап өтеді.
Сабантойда шырқалған татар жырлары мерекенің мәнін арттырды. Аралда жергілікті қолөнершілердің сәндік-қолданбалы бұйымдарының көрмесі қойылды. Кеш барысында түрлі сайыстар мен жарыстар өткізіліп, татар халқының ұлттық тағамдарынан кең дастархан жайылды.
Ахад Валиев – Ұйымдастырушы
Бәрімізі жақсы білетінде татар халықының ұлттық тағамдары өте танымал. Жыл сайын Сабантойда кем дегенде 25 адам татарлардың ұлттық тағамдарын әкеледі. Семей қаласының тұрғындары келіп, тағамдардан дәм татады. Ал біз өз кезегімізде үлкен дастархан жайып, шай демдеп үлкен пейілмен қарсы аламыз.
Бейбітшілік аралына жиналған жұрт мерекеге белсенді қатысты. Тұрғындардың ішінде татар халқының өкілдері көп. Олар жергілікті әкімшілікке танымдық бастамаға ұдай қолдау көрсетіп, ұйымдастырылуына атсалысатыны үшін өз алғыстарын білдірді.
Нәсіп қылып, Семейге келіп Сабантойға қатысқаныма қуаныштымын. Мереке жақсы өтуде. Осы орайда осы Сабантойды ұйымдастырған осы жерде татар жамағатының басшылығына, барлығына, осы мекеннің әкімшілігіне ризашылығымды білдіремін. Рақмет.
Сабантой жылда өткізілетін мейрам. Жаз айында адамдарп бір бірін көріп, өзара танысып, жүздесіп, күліп ойнап алатын мейрам.
Халық көп, көңілді. Барлық жерде татар дәстүрлері мен мерекелік бағдарлама ұсынылған.
Сабантой біздің семейліктердіңсүйікті мерекесі. Бұл далалық жұмыстардың аяқталуын тойлаудың бастапқы мағынасын ғана емес, сонымен қатар халықтардың мәдени мұрасын, ізгі ниеті мен қонақжайлылығын сақтауға деген ұмтылысты көрсетеді.
Аружан Таубекова