Бүгінгі таңда жоғары технологиялар мен жаппай цифрландыру дәуірінде өзекті мәселелердің бірі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл. Елімізде күннен күнге ғаламтор арқылы алаяқтық жасайтын онлайн қылмыскерлердің саны да, қолданатын тәсілдері де артып келеді.

Қр қылмыстық кодексі алаяқтықты біреудің мүлкін ұрлау немесе алдау арқылы азаматтың мүлкін иеленіп алу деп анықтайды. Осы ретте интернеттегі алаяқтық өршіп келеді. Қылмыскерлер цифрлық технологияны қолдана отырып, жәбірленушілерге айтарлықтай зиян келтіреді. Қазіргі таңда ғаламтор баукеспелері қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласындағы өзгерістерге жедел бейімделіп алаяқтықтың жаңа түрлері мен тәсілдерін ойлап табады. Интернеттегі ұрлықпен байланысты қылмыстардың ең көп таралған түрлері: онлайн-дүкендердегі алаяқтық, жалған қайырымдылық, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзу, банк қызметкерлері атынан хабарласу және тағы да басқалары. Әсіресе, жастар тарапы жеңіл ақшаға құмарланып алаяқтардың арбауына түсіп жатады.

Ренат Советов – Орталық пб тергеушісі

Ең көп тараған арамызда – ол жас балалардың өздерінің счеттарын сатып жібереді. Олар дроппер деп аталады. Олар өздерінің счеттарын сатқандықтан, бізге ең қиыны сол. Телеграм арқылы бейтаныс адамдарға 5-15 мың соммасына дейін сатып жібереді. Оның счетына ақша түседі, сол ақша түскеннен кейін қазір дамып жатқан криптовалютаға айналады. Ол криптовалютаға түскеннен кейін біз оны, өкінішке қарай, таба алмай қаламыз.

Интернет-алаяқтық бойынша полиция департаментінің киберпол бөлімшесіне күнделікті 5 арызға дейін келіп түседі. Жыл басынан бері 370-ке жуық қылмыстық іс ашылды. Бұл көрсеткіш барлық тіркелген қылмыстық істердің 30 пайызын ғана құрайды. Қалған 70 пайызын ашу оңайға түспей отыр. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі – қылмыскерлердің технологиялық тұрғыда бір қадам алдыда жүргендері. Соңғы уақытта оларды мекен-жайы арқылы табу тіптен мүмкін емес болып кетті. Интернет алаяқтардың барлығы дерлік кәсіби хакерлер. Екіншісі – жәбірленушілердің кеш арыздануы. Онлайн алаяқтар мақсатты сомасын өзінің шотына аударған сәттен бастап, ол ақшаны басқа аударымдар арқылы елден шығарып, ізін суытады. Сондықтан, тез арада әрекет еткен дұрыс, дейді мамандар.

Ренат Советов – Орталық пб тергеушісі

Ең қиыны – біздің жәбірленушілер кеш келіп қалады. 1-2 күннен кейін келіп қалады. Негізі, практика бойынша көрсетіледі, ақша түсе ме бір счетқа, дроппердың, солардың счеттарына ақша түскеннен кейін 10-15 минуттың ішінде ақша жоғалып кетеді. Басқа счеттарға кетеді. Ол ақша тұрмайды бір орында, жүре береді.

Ғаламтор арқылы алданып, қарызға белшесінен батқан адамдардың несиесін 6 айға дейін тоқтату туралы іім мен 1 және 2-ші дәрежелі банктер арасында меморандумға қол қойылған. Жәбірленушілердің 90-95 пайызы көмекке қол жеткізе алды, дейді мамандар. Полиция қызметкерлері тұрғындарға белгісіз адамдарға жеке мәліметтерді бермей, деректерге сақ болуға шақырды.

Сұлтан Жоламанов