Семей қаласында маса, кене және басқа да жәндіктердің түрімен күресуге бағытталған ауқымды дезинсекция жұмыстары жалғасуда. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

25-26 маусымға қараған түні Семей қаласында дезинсекция жүргізілді. Мердігерлік ұйымдар қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыс істеді, атап айтқанда, көпір бөлігі, Орталық саябақ, Мәңгілік ел көшесі бойындағы Арбат, Жеңіс сквері және жағалау саябағы. Жұмыс кешкі 9-да басталып, таңғы 4-ке дейін жалғасты. Бұл туралы Семей қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Серғазинов мәлімдеді.

НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Кеше түнде мердігеріміз көпір маңында, орталық саябақта, Арбатта, содан кейін Жеңіс скверінде, жағалау саябағында жұмыс істеді. Кеше түнде 3 бригада шығып, кешкі 9-дан таңғы 4-ке дейін дезинсекция жасады. Тиісінше, қазір олар басқа жерлерде жұмыс істейтін болады. Көріп отырғаныңыздай, дәрі-дәрмектер бір жерге 7-10 күнге жетеді, содан кейін біз өңдеуді қайта жүргіземіз, яғни бұл тұрғыда жұмыстар жалғаса беретін болады.
Ертіс жағалауындағы саябақтар мен жасыл желектері көп аймақтарға баса назар аударылады.
НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Негізінен жұмыстар жасыл кеңістіктері өте көп жерде жүзеге асырылады. Мысалы, орманды саябақтар немесе Ертіс жағалауындағы жасыл желекті аймақ сияқты учаскелерде өңдеуді жүргіземіз. Егер де мүмкіндік болып жатса, тұрғындардың өтініші бойынша жұмыс жасаймыз.
Дәрі-дәрмектерді таңдау мәселесі де маңызды рөл атқарады. Бөлім басшысының айтуынша, дәрі-дәрмектер әртүрлі. Мұның бәрі олардың құнына байланысты. Егер тиімді өнімдер қолданылса, онда сәйкесінше олардың бағасы да артады, бұл қала бюджетіне әсер етеді. Қазіргі дәрілер 7-10 күн бойы күшін жоймайтын орта деңгейдегі препараттар қолданылады. Ауа-райы жағдайлары дезинсекциялық шаралардың тиімділігіне де айтарлықтай әсер етеді.
НҰРЛАН СЕРҒАЗИНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Ауа-райы жағдайлары да осы жәндіктердің, масалардың және басқалардың көбеюіне әсер етеді. Бұрын ауа-райы жағдайлары қалыпты болып, өңдеу көктемгі-күзгі кезеңде жүргізілді, содан кейін жазда біз бұл масаларды көрмедік. Қазір ауа-райының қолайсыздығына байланысты біз жаз мезгілде де толықтай өңдеуіміз керек. Яғни, күзгі кезеңге дейін біз осы мәселелермен айналысатын боламыз.

Қала басшылығы тұрғындарды сақтық шараларын қолдануға , жәндіктер көп шоғырланған жерлерден аулақ болуға шақырады. Жазғы маусымда қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Семейде ауқымды дезинсекция жұмыстары жалғаса бермек.


СУЛТАН ЖОЛАМАНОВ