Вера Губанькова Қазақ КСР Президенттік көпсайыстан қысқы чемпионаттың чемпионы атанған. Шаңғы жарысы бойынша ел құрамасының мүшесі болған спортшы. Жазғы жеңіл атлетикалық көпсайыстан да алдына жал салмаған спортшы 75 жасқа келіп отыр. Еліміздің мерейін үстем етіп, спортты дамытуға үлес қосқан жерлесімізге құрмет көрсетілді.

Губанькова Вера Павловна 1949 жылы 17 маусымда Алтай өлкесінде дүниеге келген. Семей қаласына педагогикалық институтта білім алу үшін келген. Студенттік жылдары шаңғы спорты бойынша спартакиадалар мен чемпионаттарға қатысып, оқуды аяқтағаннан кейін ұлттық құрамаға қабылданды. Спортшының шаңғы спортына деген әуестігі мектепте оқып жүргенде байқалған.

ВЕРА ГУБАНЬКОВА – АРДАГЕР СПОРТШЫ
Менің ата-анам зиялы қауымнан емес. Мен колхозшылар отбасынан шыққанмын, бірақ біз қара жұмыстың арқасында шымыр болып өстік, еңбекке қабілеттіміз. Мүмкін, солай болу керек шығар. Жалпы, шаңғы тебуге деген сүйіспеншілігімді мектептегі дене шынықтыру мұғалімі оятты десем де болады. Мен мұнда институтқа түскен кезімде бірден кафедрадағы оқытушыларға барып, "мен шаңғы тебумен айналысқанмын"дейтінмін. Ол кезде мені ешкім білмеді. Жастар арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионатына қатысып, бірден Қазақстан чемпионы атандым.

Вера Губанькованы мерейтойымен қалалық әкімдік өкілдері құттықтады. Олар оған ұзақ ғұмыр, бақытты өмір тілеп, өскелең ұрпақ осындай адамдардан үлгі алуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараға спортшының әріптестері мен достары қатысты. Олардың достықтары 60 жылға жуық жалғасып келеді.

ГҮЛБАРШЫН САДЫҚОВА- ДОСЫ
Ол адал адам. Біз ұзақ жылдар бойы доспыз және мен оған әрдайым сене аламын. Мен кез келген уақытта қоңырау шалып, ішімдегі ойларымды айта аламын. Немесе ол маған қоңырау шалып, өзінің жаңалықтарымен бөліседі. Бір- бірімізге айтқандарымызды қайталаудың қажеті жоқ. Кейде тіпті ештеңе айтпай- ақ бір-бірімізге қарап білеміз, сеземіз. Мен оған денсаулық, тілеймін. Бұл қазір ең бастысы. Оның достары, балалары, немерелері мен шөберелері қасында. Жұмысы да бар.
ВЯЧЕСЛАВ БАЯДИЛОВ – ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Қай жерде жұмыс істесе де, ол әрқашан ізгі ниетімен, сауаттылығымен ерекшеленді. Ол кез-келген сұраққа жауап бере алатын. Сабырлы, ұстамды адам. Егер ол уәде берсе, сол істі соңына дейін жеткізеді. Мен оған денсаулық тілегім келеді. Оның немерелері бар. Айналасындағылар оны жақсы көріп, бағалай берсін. Мен оның ардагерлермен бірге болғанын, кеңестерін айта жүргенін қалаймын.

Оның балалары Вера Губанькованың жолымен жүріп келеді. Үлкен ұлы дзюдодан спорт шебері болса, екі немересі спорт шеберіне үміткер. Спортшының шөбересі әлі кішкентай, бірақ оны да болашақта спортқа баулитын болады.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ