Семейде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ: ТҰЛҒА, ТАРИХ, ФЕНОМЕН» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми жиынды Абай облысы әкімдігі, Shakarim University, Абай музейі бірлесе ұйымдастырды. Құнанбай Өскенбайұлы тарихи тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аға сұлтан. Конференцияға қатысушы ғалымдар Құнанбай Өскенбайұлының қайраткерлік қызметі, Абай шығармашылығына әсері, әке мен бала қатынасы сынды мәселелерді талқылап, ғылыми тұжырымдамаларын ұсынды. Бас қосуға еліміздің белді ғалымдары қатысып, Құнанбай бейнесін танудағы ойларын ортаға салды.

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ ЖАЗУШЫ, АБАЙТАНУШЫ
Өмірдің заң, дәстүр, әдебі, тілі, діні, руханиятын қатаң қолда ұстап, әділ билік боламын деп көшпелі қоғамды бүгінге тапсырған Құнанбай. Сол жолда неше түрлі қақтығыстарға, үлкен дауларға барды. Бірақ айтқанынан қайтқан жоқ. Егер сол билігінен қайтатын болса, қазақ ұлтының ішкі моральдық тұрмыстық - экономикалық сипаттары өзгеше болар ма еді.
ЕРЛАН СЫДЫҚОВ Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Текті әулет институты. Қазақ социумда ойып тұрып орын алған қастерлі институт. Көпті көрген, өмірден үйгені мол, ұрпағымен ел- жұртына түзу жол көрсетер қабілеті бар этнотсың салт- дәстүрі, заманауи даму тенденциясымен ұштастырған, дінді адамгершілік қағидаларымен баянды еткен, бір сөзбен айтқанда аса парасатты адам ғана сол инстиуттың темірқазығы бола алады. Құнанбай әулетінің қазақ ұлты үшін берген мұрасы рухани қазынамыздың сарқылмас қоры. Бүкіл адамзат игілігіне айналып отыр бүгін.

Пленарлық мәжілісте алыс және жақын шет елдерден келген қонақтардың, ғалымдар мен сарапшылардың, зиялы қауым өкілдерінің Құнанбай тұлғасын тануға арналған баяндамалары ұсынылды. Құнанбайды толық танып білу – тек Абайды ғана емес, бүкіл қазақ елінің тарихын мұқият оқып-зерттеуге септігін тигізеді.

ТҮМЕН СОМУНЖУОҒЛЫ ПРОФЕССОР
Бұл өте қажетті, жақсы жиын деп ойлаймын. Құнанбай тек қана үлкен тұлға емес, Құнанбай деген 19 ғасырдағы қазақтың өмірі болған. Құнанбайды біз зерттесек 19 ғасырда қазақ қалай өмір сүрді, қандай қиыншылықтар болды, қандай өзгерістер болды соны үйренеміз. Құнанбай менің ойымша ғалым.

Сондай- ақ, конференция барысында оның діни көзқарастары, исламға деген көзқарасы және қазақ қоғамының моральдық және рухани тәрбиесіне қосқан үлесі туралы да ойлар мен пікірлер айтылды.

ДУМАН ОРЫНБЕКОВ - ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Құнанбай қажының бұл мерейтойының мақсаты не? Жаңағы Құанбай қажыны дәріптеу, оның мұрасын зерттеу және барша халыққа паш ету. Бұл тек ғана елдің ғана емес, бүкіл қазақ руханиятының тойы деп айтуға болады.

Пленарлық мәжілістің 1-бөлімінің соңында шығыстанушы ғалым, профессор Ислам Жеменейдің «Абай мектебі және шығыс тарихы мен әдебиетіндегі сана-сезім жетекшілері» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбек- Абайдың және шығыс әдебиетінің рухани үндестігін зерделеп, мәдени- танымдық ерекшелігін айқындаған туынды. Кітап қазақ, түрік, ағылшын, парсы тілдерінде басылған.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ