Абай облысында «Айбын» әскери-патриоттық турнирі өтті. Жарыс қортындысы бойынша гран-приді Семей қаласының командасы жеңіп алды. Осыған байланысты, Алматыда өтетін республикалық турнирге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

16-18 мамыр аралығында Шүлбі кентінде Халық батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық турнирі өтті. Турнирге облыстың 10 командасы қатысты. Жалпы командалық есепте жастардың әскери-патриоттық жиынының қорытындысы бойынша бас жүлдені Семей қаласының командасы жеңіп алды. Енді олар Алматы қаласында өтетін X Халықаралық "Айбын" әскери - патриоттық турнирінде облыс намысын қорғайды.

СЕРІК ТҮСІПОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ «АБАЙ ҚЫРАНДАРЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл жарыстың берері Отан қорғайтын жастарды тәрбиелеу мақсатында және жастарға патриоттық сезімдерін ояту. Патриоттық бағыттағы үлкен бір іс-шарасы деп ойлаймыз. Өйткені биылғы 10-шы Айбын халықаралық дәрежеде өтпекші. Біз биыл Абай облысының командасын жасақтадық , 16-18 мамыр күндері облыстық кезең өтті сол кезеңде біз балаларды іріктеп алдық , бүгінгі таңда біз дайындық үстіндеміз.

Марапаттау рәсіміне қала және облыс ардагерлер кеңесінің, білім басқармасының өкілдері, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылымы-әдістемелік «Дарын» орталығы», Абай облысының қорғаныс істері департаменті, «Шығыс» өнірлік қолбасшылығы, Абай облысының ішкі саясат басқармасы, ҚР «Әскери-спорт клубтары федерациясының» өкілдері қатысты.

ОЛЖАС САМАРХАН ҚАТЫСУШЫ
Осыған дейін облыстық деңгейде өткен болатын , сол кезде іріктеліп , жалпы 15 баланы іріктеп шыққан болатынбыз. Оның ішінде 10 ұл, 5 қыз. Дайындық өте қарқынды өтті. Осы жылғы деңгей былтырғы деңгеймен салыстырғанда бір талай өскені байқалады. Бұл жерде тек қана физикалық дәрежеде емес, автоматты шәшіп құру ғана емес, шығармашылық сайыс бар және де интеллектуалды , робототехника саласында жарыстар бар. Бұл баланы жан жақты дамуына, және Отан алдындағы алғашқы әскери дайындыққа даярлауға көмектеседі.

Айбындықтардың айтуынша, турнир тек шынықтырып қана қоймай, сонымен қатар ақыл-ойды дамытуға мүмкіндік береді. Қазір Абай облысынан іріктелген Семей қаласының командасы халықаралық турнирде облыс намысын қорғауға дайындалуда.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ