«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес, еліміздің әр тұрғыны төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керектігін білуі керек. Осыған байланысты Абай облысында сейсмикалық жаттығулар тұрақты негізде ұйымдастырылады. Соның бірі қаладағы аурухана ғимаратында өтті.

Сейсмикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жолы оқу-жаттығу Семей қаласының облыстық ауруханасында өткізілді. Науқастар мен мекеме қызметкерлері үшін өрт дабылы іске қосылды, содан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша іс-шаралар пысықтала бастады.

ДИМАШ АСҚАРОВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Абай облысының аумағында жалпы сейсмикалық жаттығулар өтуде, оған барлық білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, мемлекеттік және басқа да ұйымдар қатысады. Біздің басты міндетіміз-халықты жер сілкінісі туындаған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелеріне, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру.

Аурухана қызметкерлері мұндай жаттығуларды өткізу өте маңызды, дейді. Өйткені, олар өз денсаулығы үшін ғана емес, науқастардың өмірі үшін де жауап береді.

ОЛЕГ ГЛИНЕНКО – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОР
Біз ересектер мен балаларға емдік және емдік-кеңестік, стационарлық көмек көрсетеміз. Сондықтан біздің пациенттердің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін басшылыққа да, әр қызметкерге де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бүгінгі сияқты шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Біз сейсмикалық жаттығуларда, өртті сөндіру бойынша жаттығуларда, төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлердің іс-әрекеттерін пысықтаймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде сабырлы болуға, тез және сенімді әрекет етуге тырысу керек. Мекемеден баспалдақ арқылы шығу қажет. Ғимаратта қалып қалған адам қауіпсіз орынды табуы керек. Олар қабырға, бұрыш, есік немесе негізгі тірек. Үстелдің астына жасырыну адамды құлаған заттардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болу керек.

ОЛЕГ ГЛИНЕНКО – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОР
Арнайы мамандар оқу-жаттығулары өткен кезде ұдайы қасымызда, нені дұрыс, нені қате істегенімізді көрсетеді. Біз науқастармен де жұмыс жасаймыз. Олардың да белсенді қатысқанын байқауға болады. Бұл жаттығуды қолдаған қарт адамдар да болды. Олар шығып, қауіпсіз жерге барды. Сондықтан олар азаматтық қорғаныс, адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған шаралардың маңыздылығын түсінеді.

Мамандар адамдардың қолында белгі беруге мүмкіндік беретін қол шамы немесе ысқырық болуы керектігін айтты. Жер сілкінген жағдайда әр адамда қанттың болғаны да дұрыс. Ол ұзақ іздеу жұмыстары кезінде энергиямен қамтамасыз етеді. Жалпы Абай облысында сейсмикалық қауіпті аймақта 7 аудан және бір қала бар. Бұл Семей қаласы мен Ақсуат, Үржар, Көкпекті, Аягөз, Абай, Бородулиха, Жарма аудандары. Жер сілкінісінің күші 5-7 баллға жетуі мүмкін.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА