ҰБТ білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Жыл сайын бітіруші түлектер тестілеуге мұқият дайындалады. Биылғы жылы ҰБТ-дегі сұрақтар санына өзгеріс енгізілді. Тілшіміз біліп келді.
Биыл облысымызда 4878 түлек мектеп бітіреді. Оның 4350-і Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді, яғни бұл бітіруші түлектердің 89% - ы. Қаңтар айында өткен ақылы тестілеуге облыста 3 мыңнан астам оқушы қатысса, наурыз айындағы тестілеуден 4000 нан аса түлек өткен.
МАКИЯ ӘМІРХАНОВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалпы тест тапсыру уақыты 4 сағат, 240 минут. Жалпы негізгі тапсыру пәндері оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы. Екі бейіндік пәнде түлек өзі таңдайды. Биылғы оқу жылында тестке қатысушылардың басым бөлігі «математика-физика» және «химия-биология» пәндерін таңдаған. Ең аз таңдаған пәндер ол «математика-информатика» және «химия-физика» пәндері. Өзгерістер 2024 жылы оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық 5 сұраққа қысқартылды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2024 жылғы оқу жылында оқу және математикалық сауаттылық пәндері бойынша ҰБТ 5 сұраққа қысқартылды. Алайда, бейіндік пәндер бойынша тестте сұрақтар саны 40-қа дейін өсті. Сонымен қатар, бейіндік пәндерде тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Бұл өзгерістер тест тапсырмаларының сапасын және олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігін арттыруға бағытталған
ГҮЛНАЗ ЖҰМАҚСАНОВА- Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №37 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫЖылдын басынан бастап оқушылармен мамандықтарға байланысты психологтармен жұмыстар жүргізіледі , бізде сынып жетекшілері мен ата-аналармен жан жақты жұмыстар жүргізіліп жиналытар қойылады. Осы жоспарларымыз бойынша бірталай жұмыстар жүргізілді. Балалар өздерінің мамандықтарын анықтады. Қазіргі уақытта біз жылдың басынан қазан айынан бастап әр ай сайын оқушылардан байқау сынақтары алынады. Сонымен қосымша бізде «тестер» онлайн платформасы арқылы да жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп отырады. Бұл сынақтардың пайадасы өте көп , өйткені оқушылардың орта балдары әрбір ай сайын 2-3 баллға көтеріліп отырады
Оқушылар аталған сынаққа мұқият дайындалады. Бірі үйде оқыса, енді бірі түрлі дайындық курстары мен білім беру орталықтарында дайындалады. Әрине, ҰБТ тыңғылықты дайындықты талап етеді.
АЙЫМ СЕЙІЛХАНОВА 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен ҰБТға дайындығымды 10 сыныптан бастадым. Бізде жалпы көпшілік балалар дайындығын 10 сыныптан бастады. Дайындығымыз өте жақсы. Таңдау бағытым химия биология. Медицина саласын таңдап отырмын. Біздің мектепте білікті мамандар бізді жан жақты қолдап , бізді дайындауда. Әр ай сайын байқау сынағын өткізіп жаттықтыруда. Жалпы ҰБТ мектеп бітірудің қорытындылау нәтижесі қана емес , оқушының болашақта негіз болатын мамандығына қол жеткізуге бірден бір мүмкіндігі. Алдағы уақытта 11 сынып түлектеріне ҰБТ тапсыратын балаларға сәттілік
Тестілеу форматы өзгерген жоқ. Сұрақ саны-120. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша 20 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 10 тапсырма, математикалық сауаттылық бойынша 10 және екі таңдау пәні бойынша 40 тапсырма бар. Баллдардың максималды саны -140. ҰБТ - білім саласындағы қадамдардың бірі ғана екенін есте ұстаған жөн. Тек үлкен еңбек, табандылық пен ұмтылыс табысқа жетелейді.