Қардың жылдам еруінен су жайылған елді-мекендер көп. Кешеден бері Жаңасемей ауданы Озерки ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылын да қызыл су басты. Бірнеше үйдің ауласына су жайылып қоражайларын алып кеткен.

Бейбіт Нұрмұхамбетов Қаракөл ауылында 2000-шы жылдан бері тұрады. Кеше түскі сағат 1 шамасында ауылға ағын судың келе бастағанын байқаған. Әкімдікке хабар берген соң ауыл тұрғындары жиналып, судың бетін қайтаруға тырысты.

БЕЙБІТ НҰРМҰХАМБЕТОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Трактормен жаптық алдын. Бөгеп көрдік болмады. 4 сағат алыстық. Содан су шайып кетті. Мына жердің бәрі су болып кеткен. Қазір қораның ішін шығарып жатырмын суын. Қолмен тазалап.

Қызыл су бірнеше үйдің қоражайын алып кетті. Үйлерін аан алып қалу үшін тұрғындар қолда бар заттарымен суды тасып жатыр. Қаракөл ауылын 2010 жылы дәл осылай еріген қар суы алып кеткен екен. Араға 14 жыл салып жағдай тағы қайталанып отыр. Тұрғындар жол мәселесі мен су құбырларын жасап беруді сол уақытта сұраған.

БЕЙБІТ НҰРМҰХАМБЕТОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Біздің сұрайтынымыз жылдағы сол жол мәселесі ғой. Қазір біттей жауын жауса болды біз мына трасста жүре алмаймыз. Көктем, күз бізде осы проблема жол. Осы мәселені көтеріп келе жатқанымызға неше жыл болды.-

Әзірге үйлер аман. Жол, көше бойларын су алған. ТЖД қызметкерлері түні бойы сумен алысты. Жалпы 45 адам 8 техника жұмылдырылған.

ҚЫМБАТ КӨПБАЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Кеше су тасқыны басталған кезден бастап Төтенше Жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. 68/303 ТЖМ әскери бөлімі де осы жерге келді.
ДӘУЛЕТ ӘСЕМБАЕВ ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Апат айтып келмейді дейді. Енді бұл ауыл өздеріңіз көріп тұрсыздар еңісте орналасқан. Қазір нақты үш үй. 4 ші үйде өздеріңіз көріп тұрғандай кісі тұрмайды екен мал да жоқ. Мына бағытта 2 үйдің қора жайларына кірді қазір бірақ үйлері аман. ТЖД қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігінің мамандары арнай помпа әкеліп откачка жасады.

Қазір ТЖД мамандары кезекшілікте тұр. Өйткені қар әлі еріп жатыр, су тасқыны қайталануы мүмкін. Әкімдік өкілдері мен құтқарушылар бірлесіп, ауылдың маңына су ағатын құбырларды орнататын болды.