Семейде «AntiParaCraft-2024» квест-ойыны басталды, оған қаламыздағы университеттің 3 командасы қатысты. Жақын арада іс-шара Семей қаласындағы басқа жоғары оқу орындарында да өткізілмек. Шараны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Квест 8 кезеңнен тұрды. Оған қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша бейнеролик жасап, эссе жазып қана қоймай, өзара пікірталастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын дамытып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

НҰРЖАН ТОЛЫБЕКОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгін біз Абай облысындағы тек алғашқы оқу орнында жүргізіп жатырмыз, қалған екі жоғары оқу орынында іріктеу жүргізіліп, келесі наурыз айында облыстық іріктеу жүргізілетін болады, сол команданы ішімізде, өзімізде ат салысып, дайындап және республикалық шараға апарып қатыстырамыз. Жоғары дәрежеге жеткіземіз деп үміттенемін.

Оқытушылар қатысушылардың квест-ойынына қызу дайындықпен келгенін атап өтті. Олар мұндай іс-шаралар студенттерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңын жете білуге мүмкіндік беретініне сенімді

МАЙГҮЛ МАТАЕВА- ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Менің ойымша, бұл ойын барысында балалар осы жерде өткен ойын шарттарын есте сақтайды және болашақта алған тәжірибелері оларға пайдасын тигізеді . Бүгін әр факультет сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар дайындады, әр команданың өз капитаны, дайындаған бейнероликтері бар. Олар түрлі тапсырмаларды шешеді, сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап береді. Менің ойымша, бұл іс-шараның оларға пайдасы мол.

Қатысушылардың квест ойынына үлкен жауапкершілікпен қарағандары байқалды. Олардың айтуынша, бұл өте қызықты, әрі маңызды шара.

СЕРІККЕЛДІ ЖАҢАКЕЛДІҰЛЫ- «ANTIPARACRAFT-2024» КВЕСТ-ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУШЫ
Білесіздер, кез-келген сала болсын, мемлекеттік қызмет болсын, ондағы атқаратын істердің бәрі әрбір адамға берген жауапкершілік, аманат сондықтанда адамға берілген аманат таудан да биік болады деп айтқым келеді.

Айта кетсек, бұл квест-ойыны осы жылдың наурыз айында өтетін облыстық кезеңге іріктеу ретінде ұйымдастырылды.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА