Абай облысында 600-ден аса үкіметтік емес ұйым бар. Қазір олардың басын біріктіріп, қоғамдағы түрлі түйіткілдерді шешу жолында бірлескен жұмысты жандандыруға мән беріліп отыр. Әсіресе елді мекендегі ұйымдарды бір арнаға тоғыстыру көзделген. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысына осы тақырып өзек болды.