Соңғы айдың ішінде өңірде екі бала терезеден құлады. Бір сәттік бейқамдықтың салдары осындай. Жаз басталғалы жарақат алған бала көбейіп, дәрігерлер дабыл қағуда. Мектептен босаған балалар уақытын үйде, аулада көбірек өткізеді. Ал дәл осы кезеңде тұрмыстық жарақаттар да күрт артады. Дәрігерлердің айтуынша, жазатайым оқиғалардың басым бөлігі ересектердің қарауынсыз қалған кезде болады