Жыл сайын Қазақстанда Наурыз айының алғашқы күні алғыс айту мерекесі тойланады. Бұл күннің мән, мағынасы ерекше. Әр адам өзі құрмет көрсеткісі келетін жанға шынайы лебізін білдіре алады. Балабақшада мерекеге арналған жылылыққа толы шара өтті.

 ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ - ТІЛШІ
1 наурыз- Алғыс айту күні. Бұл күн барша жұрттың бір біріне мейірім, достық және махаббат танытатын мерекесі. Әсіресе, баланы кішкентай кезінен ізгі қасиеттерге баулыған жөн. Себебі, көркем мінез- адам бойындағы ең құнды қасиет.

Мейірімділік, қайырымдылық, жақсылық жасау адам бойындағы ұлы қасиеттер. Осы ізгілікті балалардың бойына сіңіруде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің алар орны ерекше. Балабақша мамандары бүлдіршіндердің жақсы тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосуда. Осынау айтулы күнде балалар бір- біріне, ата- аналарына деген алғыстарын білдіріп жатты.

САНИРА ЖҰМАБАЕВА БАЛАБАҚШАНЫҢ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГІ
Мені өмірге алып келгеніңе рақмет деп анасына, атасына, барлық осы тіршлікте болып жатқан барлық нәрсеге, суға, тіршілікке, күнге де үлкен алғыстарын айтып жатыр. Яғни, достарына да қасымда болғаның үшін рақмет деп өзінің мейірімді, әдемі сөздерін айтып, өзінің сыйлықтарын да адып келіп жатады. Алғыс айту күні адамды қамқорлыққа, кішіпейілдікке жан-жақты тәрбиелеп жатыр.

Бүлдіршіндердің аналарына деген алғыстары шексіз. Түн ұйқысын төрт бөліп, өсіріп, аялы алақандарымен мәпелеген абзал жандарға өздерінің ыстық сезімдерін өлең арқылы жеткізді.

Алғыс күніне арналған шарада өнерлерін көрсетіп, аналарына ән де арнады.

Бұл - тек ризашылық күні ғана емес, тағылымға, мән- мағынаға толы мереке болмақ. Сондықтан, айтулы күнде жақындарымызға алғыс айтуды ұмытпайық

 

ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ