Қызылшаға қарсы вакцина салу науқаны басталғалы 16 мыңнан астам қала тұрғыны екпе алды. Оның 80 % балалар. Біздің өңірде айтарлықтай асқыну байқалмағанмен өзге аймақтардан келіп жатқан науқас адамдар бар. Сондықтан вакцина арқылы жұқпалы дерттің асқынуына жол бермеу керек.

Соңғы мәлімет бойынша Семей қаласында қызылша ауруын 69 адам жұқтырған. Оның ішінде 33 бала 14 жасқа толмағандар. Қызылшамен ауырғандардың 80 %- дан астамы бірде бір рет екпе алмаған. Вакцинасыз орта аурудың таралуына жол береді.

ШЫҢҒЫС ЧОКУШЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейін Семей қаласында 16312 адам екпе алды. Оның ішінде екпе алған балалардың саны 12200 және медициналық қызметкерлер мен толықтыру екпесі бойынша- 4112 адамды қамтыды. Қызылшаға қарсы екпенің адамдардың денсаулығына, соның ішінде балалардың денсаулығына зияны, залалы жоқ. Қаламызда барлық емханалар екпемен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Қызылша ел бойынша өршіп тұр. Басқа аймақтарда тіпті ауыр жағдайдағы балалар да болды. Кей ата-ана бұл ақпаратты естіп отырғанмен балаларына екпе салдыруға қарсы. Иммундау шарасы басталғанда 500 адам баласына вакцина салдыруға келісім бермеген. Мамандардың түсіндіру жұмыстарының арқасында 200 ананың ойы өзгерді. Бірақ жартысынан көбі әлі де қарсы. Дәрігерлер ата-аналардан баланың денсаулығын бірінші орынға қоюды сұрайды.

МАНАР САЛЬМЕНЬБАЕВА ИНФЕКЦИОНИСТ
Екпені біз кесте бойынша саламыз. Біріншісі ол 12 айда және 6-7 жасында ревакцинация саламыз. Және егер қызылша жұқтырған адаммен қатынастар болатын болса онда 3 күн ішінде біз екпені салу керекпіз. Екпе тірі әлсіреген, өндірушісі Индия болып келеді. Тері астына, иыққа салынады.

Еліміздегі эпидахуалға байланысты қаламыздағы барлық емханалар вакцинамен жеткілікті түрде қамтылған. Екпе бөлмелері санитарлық норма талаптарына сәйкес. Сонымен қатар, екпе алғандардың ішінде асқынулар мен басқа да қарсы реакциялар тіркелмеген.

МАНАР САЛЬМЕНЬБАЕВА ИНФЕКЦИОНИСТ
Вакцинацияның қарсы көрсеткіштері ол егер бала жедел вирустық инфекциямен аурыратын болса немесе жүкітілік және лактация кезінде, және де егер балаларда және ересектерде қан аурулары болатын болса онда бізде вакцинация салынбайды.

Мамандар егер баланың дене қызуы көтерілуі сияқты белгілер болса бірден дәрігерге хабарласуға кеңес береді. Баланың денсаулығы ең біріншіден ата-ананың жауапкершілігінде екенін ұмытпауға шақырады.


Жұлдызай Маратқызы