Ақпараттық технологиялар медицина немесе бизнес болсын, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Білім беру саласында да -IT қарқынды дамуда.

Елімізде Astana Hub халықаралық технопаркі IT Shyraq деп аталатын балалар үйлеріне арналған бағдарламаны іске қосты. Осыған байланысты, Abai IT-Valley №8 балалар үйінің бүлдіршіндеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.

АЯУЛЫМ АРЫНҒАЗИНА- ASTANA HUB ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНОПАРКІНІҢ ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ
Астана Hub және Қазақстанның 14 өңірінде орналасқан өңірлік IT хабтармен бірлесіп , балалар үйлеріндегі оқушыларға IT саласын жаңғыртуға көмектесетін IT-Shyraq бағдарламасы іске қосылды. It-Shyraq бағдарламасы бойынша балалар үшін арнайы ұйымдастырылған ойын кейіпкерлерін жасау бойынша Workshop өткізіледі.

ITShyraq бағдарламасының мақсаты-балалар үйлеріндегі жастарға, 10-11 сынып оқушыларына IT әлеміне енуге және оларды жарқын болашаққа қадам басуға мүмкіндік беру. Себебі, қазір Қазақстанда IT саласындағы мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Шеберлік сабағында мамандар балаларға Blender 3D бағдарламасы арқылы ойын кейіпкерін модельдеу және старт ап жобалар жасау сияқты көптеген курстар өткізеді. Осылайша, балалар ақпараттық технологиялар саласындағы көптеген мүмкіндіктерге ие болады.

НАЗАР ТӨРЕХАНОВ- СТУДЕНТ
Бұл идея әлемдік нарықта қазақ мәдениеті мүлдем кең таралмағанын түсінгендіктен пайда болды. Ең танымал ойындарда қазақ тілі жоқ. Сондықтан біздің мақсатымыз- ойын индустриясы арқылы қазақ мәдениетін тарату. Сондай-ақ, қазір бізде өз сайтымыз, портал әзірленуде , онда тек біздің ойлап тапқан ойындарымыз жүктелетін болады. Нақты айтқанда қазақ тіліндегі ойындар болатын өз платформамызды құруымыз керек.

Өңірлік IT Hub міндеттерінің бірі-технологиялық кәсіпкерлікті дамыту. Әсет Мазовтың сөзінше Abai it-Valley ашылғаннан бері аумағымызда IT саласы қарқынды дами бастады. Оның айтуынша, қазір жастардың IT-ге деген қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан технологиялық кластер тұрақты негізде мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау жобаларын жүргізеді.

ӘСЕТ МАЗОВ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
Техно кластардың ішінде ең маңызды белгілі бір бөлім болады. Ол бізде білім саласы. Осы білім саласына байланысты біз бағдарламалау, графика және робототехника курстарын нығайтып, балаларға жиынды түрде жеткіземіз. Қазіргі уақытта бізде осы курстар бойынша 130 баладай оқиды. Біз 4 бағдарлама бойынша курстар өткізіп жатырмыз. Ол қысқаша айта кетсек phyton тілі, java тілі болып саналады, сосын деректерді талдау бар, 4-шісі веб қосымшалар.

IT саласының мамандары, түрлі бағдарламалар мен қосымша жасаушылар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда IT маманына жұмыс орындары жетерлік.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА