Жармадағы жаңарған вокзалдар
Бүгін Жарма ауданында қайта жаңғыртудан өткен үш бірдей теміржол вокзалы есігін айқара ашты. Үшбиік пен Жарма станциясындағы, Шар қаласындағы теміржол вокзалы халық игілігіне берілді. Үш бекеттің де тарихы тереңде. Атақты Түрксіб теміржолы салынғанда негізі қаланған. Елдегі ең ірі шойын жолдағы вокзалдарды жаңғырту - өңірдегі көлік - логистика саласын дамытуда маңызы зор.