Негізгі Жаңалықтар Ядролық полигонсыз 35 жыл

Ядролық полигонсыз 35 жыл

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына - 35 жыл. Талай тағдырға таңба салған қасіретті кезең тарих қойнауында қалғанымен, оның салдары ұмытылған жоқ. 29 тамыз Бейбітшілік аралында осы айтулы датаға орай бейбітшілік акциясы өтті. Жиынға қоғам белсенділері, ардагерлер мен шетелдік қонақтар қатысты. Қатысушылар ядролық сынақ құрбандарын еске алып, Қазақстанның бейбітшілік жолындағы бастамаларының маңызын атап өтті.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар