Кірпіш зауытының құрылысы басталды
Бүгін Жаңасемей ауданының Приречное ауылдық округінде кірпіш зауытының іргетасы қаланды. Оған облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Жобаның инвестициялық құны - 1,5 миллиард теңге. Жаңа зауытта күніне 100 мың данаға дейін 4 түрлі кірпіш өндірілетін болады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 36 млн. дана кірпіштен асады